Білім басқармасының 2021 жылғы 1-ші қазандағы №693 бұйрығына сәйкес оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту, техникалық спорт түрлерін насихаттау, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру мақсатында Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 13-15 қазан күндері «Техникалық шығармашылық пен өнертапқыштықтардың (картинг, авиа үлгілеу, кеме үлгілеу, авто үлгілеу) облыстық жарысы өткізіледі.