Распространение опыта педагогов

ҚББП-нің іс-тәжірибе тарату жұмыстарына көмек көрсету – педагогтің күнделікті қызметінде меңгерген іс –тәжірибелік білімі кәсіби шеберлігінің негізі, шығармашылық әуелетін дамытуы, педагогикалық нәтижелері бар, әртүрлі әдістерді табысты түрде қолданып, басқа педагогтерге үлгі боларлықтай нәтиже беру.

Орталықтағы оқу тәрбие үрдісіне инновациялық идеяларды енгізуге ат салысу – «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» - деп елбасымыз айтқандай, заманына қарай адамы – қоғам талабына сай жаңа тұлға қалыптастыру ұстаздардың жетістігі. Әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады, қалыптастырады. Жаңа инновациялық идеяларды меңгеру мұғалімдердің іскерлігін, ізденісін туғызып, шығармашылықпен жұмыс жасауына жол ашады.

Куспанов Мирболат Бактыгереевич бірінші санатты қосымша білім беру педагогі, облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы «Кеме үлгілеу» үйірмесінің жетекшісі, кеме үлгілерін жасау спортынан «Қазақстан Республикасының Спорт Шебері», Батыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы «Спорт төрешісі», Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің "2020 жылдың Үздік педагогі" атағының иегері.

 

Таңдағаным – таңылған мамандығым!

Мамандығым – ізгі жолым жаңылмаған!

 

«Сен де  бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан! (Абай)

 ... Ұлы Абайдың дана сөздерінен құралған өлең жолдарын өмірлік азығына айналдыра білген әр адам адамгершілік қасиеттен айнымай, ақ адал еңбектің жолымен келген жетістігінің құнын білері сөзсіз!

Бала күнімізде Абайдың өлеңдерін құлағымызға құйып, адам болып өмірде қалыптасу үшін жолыңды айқын мақсатқа құрап, таңдар мамандығың азығың ғана емес, рухани байлығың да болу керек деген ұстаздарыма дән ризамын! Менің де бүгінгі педагогикалық қызметімнің мақсаты - бала тұлғасын аңсаған арманы мен қабілетін ұштастыра отырып дамыту болып табылады. Мен тұлғаның табысты дамуының негізінде танымдық қызығушылықтың жататынына сенімдімін. Ал, танымдық қызығушылық оқушының оқу іс-әрекетінің ең құнды себебі болып табылады.  

Қазіргі таңда заман талабына сай барлық ақпараттың тез, сапалы жүруі, цифррландырылған және техникалық жағынан жоғары деңгейлі болуын қамтамасыз ету басты міндет және оны іске асыру мамандардың парызы болып отыр. Болашақ жарқын болу үшін, жас ұрпақ заманына сай ойлайтындай, жан жақты білімді болуы керек және тұлға ретінде қалыптасып кетуіне педагогтардың басты міндеті өзектілігін жойған жоқ. Бүгінгі қолға алынып жатырған жобалардың басты мақсаты – Қазақстанның экономикалық, саяси және рухани жаңғыруға жан-жақты қолдау көрсетудің тиімді тетігін қалыптастыру болып табылады.

Бала күнімнен сурет әлемі қызықтырып, дизайн, табиғат сыйлаған сұлулыққа суретші көзбен қарау, сондай-ақ адам қолынан келмейтінді роботтар немесе өзге де қиялымдағы құрастырылған бейнелер арқылы қол жеткізуді армандай білу қабілеті болатын. Балалық арман мамандық таңдауда жолымды адастырмады, бүгінде кеме жасау техникасын үйретуде тәжірибе жинақтап келе жатырған педагогпын, үйренерім қаншалықты көп болса да, үйретуге де жарап қалған жинақталған кәсіби білімім бар, әрбір баланың қабілеттері мен мүмкіндіктерінің өлшемінде табысқа жеткен сияқты оқуды құруға тырысамын. Ең сенімсіз оқушыларға мүмкіндік беремін. Кеме үлгілеу үйірмесінде білім берудің қарқынды әдістері жүзеге асырылады және үнемі жетілдіріледі: шығармашылық ізденістер мен шешімдер іздеу арқылы дербес білім беру жолға қойылады. Нәтижесінде  оқушыларымның  кеме үлгілерін жасауға деген құлшыныстары жоғарылағаны байқалады. Сонымен, кеме үлгілеу үйірмесінің басты мақсаты оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту. Кемені құрастырғанда бөлшектерінің мығымдығы мен беріктігі де оның шыдамдылығын арттырады. Кеме жасау арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды, бағдарлама жасап үйренеді. Үйірме жұмысы техникалық өнім-моделін өз бетінше әзірлеу бойынша логикалық ойлауының дамуына, білік пен дағдыларының дамуына ықпал етеді. Балалар ғылыми-техникалық бағытта креативті шығармашылық бағытта ойланып, стандартты емес шешімдер табу үшін ынталанып, қиялдарына шабыт беріп, болашақты жарқынырақ жасауға өзіндік мотивациялар алып,  еңбектенуді бойларына сіңіріп, танымдық, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттері дамиды.

«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді» - деген Л.Толстойдың да сөзі бар. Болашағы жарқын мемлекеттің ұрпағы креативті ойлай алатын, адал еңбекпен тер төккен, саналы, өз құқықтарын білетін, Отан мүддесін алға тартып, біртұтастықты сақтауға міндетін ала білетіндей болу керек!  Өйткені, тұңғыш Елбасы Н.Назарбаев Жолдауда келтіргендей: «...Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу». Олай болса, болашағы жарқын елдің ұрпағын қалыптасытруда үлесімді қосып еліме қызмет атқарып келе жатырған педагог ретінде өзімді бақытты сезінемін! Менің таңдаған мамандығыма қызыға келген жас өскелең бүлдіршіндер елімнің болашағын жасауда бұл саланың жан жақты дамытуға үлесін қосып ізгілендіреріне еш күмәнім жоқ!  Заман өзгерер, тың жаңалықтар да сәйкесінше  жетілер, бастысы, салған жолымыз өнегелі болып, елімізге пайдасы тиер болсын!

Страница 1 из 12

Объявление

«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың облыстық қашықтық байқауын өткізіледі

16-09-2021

Білім басқармасының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 644 бұйрығына сәйкес оқушылардың ғылым мен...

Подробнее...

«Түлкі аулау» спорттық радиопеленгациясынан облыстық жарысы өтеді

16-09-2021

Білім басқармасының 2021  жылғы 15 қыркүйектегі №645 бұйрығына  сәйкес оқушыларға техникалық спорт түрлерін...

Подробнее...

ОБТШО төмендегі үйірмелер бойынша жаңа оқу жылына оқушылар қабылдайды

22-07-2021

Подробнее...

УВАЖАЕМЫЕ РОДИТЕЛИ И ЗАКОННЫЕ ПРЕДСТАВИТЕЛИ!

20-05-2021

С приходом весны дети все больше времени проводят на улице, впереди летние каникулы. Напоминаем...

Подробнее...

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық «Тәуелсіздік тірегім» балалар бейнероликтері байқауы

29-04-2021

Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің...

Подробнее...
Все объявления

 

Torus.Kz | Тел: +7 (7112) 33-04-33, +7 (708) 433 04 33 | toruskz@mail.ru, infotorus@mail.ru
Instagram: Torus.kz