Орталықтың әдістемелік тақырыбы: Техникалық шығармашылық орталығында әдістемелік жұмысты жандандыру арқылы қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби шеберліктерін арттыру
Мақсаты:
- Ақпараттық - әдістемелік қолдау көрсету негізінде қосымша білім беру педагогтерінің қызметін кәсіби дамуға бағыттау, шығармашылық үрдістерді шеберлікпен басқаруға қолайлы жағдай жасау.
- Педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру
Міндеттері:
1. Үйірме жетекшілерін заманауи оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға бағыттау;
2. Авторлық оқыту бағдарламаларымен жұмысты жандандыру;
3. Қосымша білім беру педагогтерінің озық педагогикалық тәжірибелерін анықтау, талдау, тарату;
4. Педагог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстары, кәсіби байқаулар мен конкурстарға қатысуды ұйымдастыру;
Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы қосымша білім беру қызметін жүргізуі барысында келесі нормативтік құжаттарды басшылыққа алады: білім беру үдерісі қатысушыларының құқығы мен міндеттері реттелген ҚР «Білім туралы» Заңы, «Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы» кәсіпорыны қызметінің тәртібі туралы Типтік ережесі, Орталықтың Жарғысы, Республикадағы балаларға қосымша білім беруді ұйымдастырудың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттардың жинағы, БҚО білім басқармасының әдістемелік хаттары мен кепілдемелері және ішкі бұйрықтары. Апталық сағат саны тиісті деңгейден аспайды, оқу жоспары педагог кадрлармен қамтылуына қарай сәйкестендіріп жасалды. 2021-2022 оқу жылына арналған әдістемелік кеңесінің жылдық жұмыс жоспарына сай жұмыстары атқарылып, әдістемелік кеңестермен, шаралар өткізіледі.
2021-2022 оқу жылында үйірмелерге қамтылған оқушылар саны 912 болды. Былтырғы о.ж. қарағанда (2020- 2021) оқушы саны 35-ға, яғни 4% артып, ұлы- 90% ; қызы- 10% құрады. Бұның өзі балалардың қосымша білім беру үйірмелеріне деген қызығушылығын көрсетеді. Әрине бұл орталық педагогтерінің жемісті еңбегінің арқасында жеткен жетістік деп білеміз.
Оқу жылы |
Барлық оқушы саны |
ұлы |
қызы |
||
2021-2022 |
912 |
774 |
90% |
138 |
10% |
Санақ параметрлері |
2018-2019 оқу жылы |
2019-2020 оқу жылы |
2020-2021 оқу жылы |
2021-2022 оқу жылы |
Үйірмеге қатысушылар саны |
697 |
838 |
877 |
912 |
Мектеп жанынан жұмыстанатын үйірмелердің жетекшілері оқу жылының басында орталық әкімшілігі мен мектеп әкімшілігі арасында екі жақ қызметтестік келісім шарт жасалғаннан кейін үйірмелер ашу туралы өтініштер қабылдайды. Үйірме жұмысының күнтізбелік- тақырыптық жоспарларын орталықтың әкімшілігі бекітеді. Орталықтан тыс жұмыстанатын қала және аудандардағы үйірмелермен тығыз байланыста болып, үйірмелерге әдістемелік, практикалық көмек көрсетілді.
Педагогикалық құрамы.
Орталықта қосымша білім беру педагогтарының саны – 23. Он бір ҚББП қоса атқарумен жұмыс жасайды. Жоғары санатты- 2(10%), бірінші санатты – 3 (20%), екінші санатты 2(10%) педагог бар, 4 (18%) педагогтың квалификациялық категориясы жоқ. Педагог- зеттеуші 2 (2,5%), педагог- сарапшы 5 (20%), педагог- модератор 6 (25%). Соңғы жылдармен салыстырғанда:
2017-18 оқу жылы |
2018-2019 оқу жылы |
2019-2020 оқу жылы |
2020-2021 оқу жылы |
2021-2022 оқу жылы |
|
Барлығы |
19 |
20 |
22 |
22 |
23 |
- жоғары |
1 |
- |
2 |
4 |
2 |
- бірінші |
5 |
3 |
7 |
5 |
3 |
- екінші |
4 |
3 |
6 |
11 |
2 |
- санатсыз |
9 |
14 |
7 |
2 |
4 |
- педагог- зерттеуші |
1 |
2 |
|||
- педагог- сарапшы |
3 |
5 |
|||
- педагог- модератор |
3 |
6 |
Орталықта 23 қосымша білім беру педагогі жұмыс жасайды, оның ішінде жоғары білімді - 20, арнаулы орта білімді - 3.
Облыстық балалар техникалық шығармашылық орталығының
Әдістемелік кеңес құрамы. 2021-2022 оқу жылы
2021-2022 оқу жылына арналған әдістемелік кеңес отырысының жоспары |
||||
19 |
1. Әдістемелік кеңестің 2021-2022 оқу жылындағы мақсаттары мен міндеттері. 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің орталықтағы жүргізілуі. 3. Тәжірибе жұмыстарын талқылау. Білім алушыларды жобалау және зерттеу жұмысына тарту. |
Қыркүйек |
Әдіскер |
Хаттама |
20 |
1. Техникалық шығармашылық пен өнертапқыштардың жарысына дайындық жұмыстарын жетілдіру. 2. Тәжірибе тарату жұмыстарының экспертизасын бекіту. 3. Ағымдағы мәселелер. |
Қазан |
Әдіскер |
Хаттама |
21 |
1. Радиомен басқарылатын модельдерді жасау және қолданудағы заманауи технологиялар. 2. Аттестаттаудан өтетін педагогтермен жұмыс. 3. Ағымдағы мәселелер. |
Желтоқсан |
Әдіскер |
Хаттама |
22 |
1. Қосымша білім беру жаңаша технологиялар арқылы ұйымдастыру жолдары. 2. Кәсіби бағдар беру мақсатында, сыртқы серіктестікті күшейту. 3. Ағымдағы мәселелер. |
Ақпан |
Әдіскер |
Хаттама |
23 |
1. Педагогтердің оқу жылындағы жұмысын қорытындылау. Қорытындылар, ұсыныстар 2. Оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың қорытындылары 3. Ағымдағы мәселелер. |
Сәуір |
Әдіскер |
Хаттама |