Ағымдағы жылдың 5-7 сәуір күндері аралығында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студент жастары мен облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының «Спорттық радиопеленгация» үйірмесінің тәрбиеленушілері арасында «Балалар жылына» орай салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында «Өзіңнен баста» квест ойыны өткізіледі.