Қашықтан оқыту

Қашықтан оқыту – ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы оқушы сабақ өтетін орында болмай-ақ өткізілетін оқыту түрі.

Мұнда оқу процесі нақты уақыт мезетінде байланысқа түсу арқылы немесе байланысқа шықпай да жүзеге асады. Әр үйірме өз ерекшелігіне қарай екі тәсілдің бірін таңдауына болады.

Техникалық шығармашылығы негізінен практикалық жұмыстарды көбірек қамтиды. Бізге оқушылар өз шеберліктерін шыңдау, құралдарды өмірде қолдануды үйрену, өмірлік қажетті дағдыларды меңгеру мақсатында келеді. Осы бағытта алғанда қашықтан оқыту біздің орталық үшін өте тиімді деп айта алмаймыз. Дегенмен орталық қашықтан оқытуға түгелдей емес, уақытша көшетіндігін ескерсек, бұл қиындықты да өзімізге ыңайлы тәсілмен еңсере аламыз.

Ол үшін әр үйірмеге, тіпті әр сабаққа жеке көзқарас негізінде, жеке әдістемелік тұрғыдан қарау арқылы әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануымыз қажет.

Осы орайда орталықта қашықтан оқыту жүйесін жетілдіру бағытында жұмыстар жолға қойылуда.

Оқытудың бұл тәсілі ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін кеңінен қолданатындықтан, алдымен педагогтердің сандық сауаттылықтарын арттыру қажет. Біздің орталықта бұл жұмыс жүйеге салынған деп айтуға болады. Орталықтың соңғы екі жылдағы жұмыс жоспарына сай орталықішілік әдістемелік семинарларда педагогтердің сандық сауаттылықтарын арттыру – күн тәртібіндегі негізгі мәселе ретінде қойылды.

Нәтижесінде, қосымша білім беру педагогтері ағымдағы жылдың наурыз айында елімізде төтенше жағдай жарияланған кезде қашықтан жұмыс жүргізуге дайын болды.

Қашықтан оқыту үшін қажетті сандық контенттер жинақтау жұмысы да орталық педагогтерінің шыбер-сыныптарының видеороликтерін түсіру арқылы жүргізілді. Бұл жұмыстар 2019-2020 оқу жылының басында қолға алынған болатын.

Карантин режимі жеңілдетілген жазғы уақытта қашықтан оқытуға дайындық жұмыстарын жүргізудеміз. Нәтижесінде алдағы уақытта қосымша білім беру ұйымдары қашықтан оқытуға көшетін болса, біздер толық дайын болып, кедергісіз жұмысты жүргізетін боламыз.

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕ САҚТАЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Хабарландыру

ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Тәуелсіздік хронологиясы» ұлттық зияткерлік ойыны өткізіледі.

15-11-2021

Білім басқармасының 2021 жылғы 11 қарашадағы № 823 бұйрығына сәйкес оқушылардың танымдық қызығушылықтары...

Толығырақ...

ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Тәуелсіздік символы» үш өлшемді кәде сыйлар жасау бойынша облыстық қашықтық байқауы өткізіледі.

15-11-2021

Білім басқармасының 2021 жылғы 11 қарашадағы № 822 бұйрығына сәйкес оқушылардың танымдық қызығушылықтары...

Толығырақ...

ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Авиа үлгілеу» спорты бойынша облыстық жарысы өткізіледі.

15-11-2021

Білім басқармасының 2021 жылғы 11 қарашадағы № 821 бұйрығына сәйкес оқушылардың танымдық қызығушылықтарын...

Толығырақ...

Облыстық «NatRoboCom-2021 (National Robotics Competition)» роботтық техника жарысы өткізіледі.

15-11-2021

Білім басқармасының 2021 жылғы 11 қарашадағы № 820 бұйрығына сәйкес оқушылардың танымдық қызығушылықтарын...

Толығырақ...

«Техникалық шығармашылық пен өнертапқыштықтардың (картинг, авиа үлгілеу, кеме үлгілеу, авто үлгілеу) облыстық жарысы

07-10-2021

Білім басқармасының 2021  жылғы 1-ші қазандағы №693 бұйрығына сәйкес оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту...

Толығырақ...
Барлық хабарландырулар

 

 

Torus.Kz | toruskz@mail.ru, infotorus@mail.ru
Instagram: Torus.kz