Білім басқармасының 2022 жылғы 11 мамырдағы №386 бұйрығына сәйкес оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту, техникалық спорт түрлерін насихаттау, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру мақсатында, ағымдағы жылдың 30,31 мамыр - 1 маусым күндері аралығында «Техникалық шығармашылық пен өнертапқыштардың (авиа үлгілеу, зымыран үлгілеу, кеме үлгілеу, авто үлгілеу, картинг) облыстық жарысы өткізіледі.