Әдістемелік кеңес

Орталықтың әдістемелік тақырыбы: Техникалық шығармашылық орталығында әдістемелік жұмысты жандандыру арқылы қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби шеберліктерін арттыру

Мақсаты:

  • Ақпараттық - әдістемелік қолдау көрсету негізінде қосымша білім беру педагогтерінің қызметін кәсіби дамуға бағыттау, шығармашылық үрдістерді шеберлікпен басқаруға қолайлы жағдай жасау.
  • Педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру

Міндеттері:

  1. Үйірме жетекшілерін заманауи оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға бағыттау;
  2. Авторлық оқыту бағдарламаларымен жұмысты жандандыру;
  3. Қосымша білім беру педагогтерінің озық педагогикалық тәжірибелерін анықтау, талдау, тарату;
  4. Педагог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстары, кәсіби байқаулар мен конкурстарға қатысуды  ұйымдастыру;

Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы қосымша білім беру қызметін жүргізуі барысында келесі нормативтік құжаттарды басшылыққа алады: білім беру үдерісі қатысушыларының құқығы мен міндеттері реттелген ҚР «Білім туралы» Заңы, «Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы» кәсіпорыны қызметінің тәртібі туралы Типтік ережесі, Орталықтың Жарғысы, Республикадағы балаларға қосымша білім беруді ұйымдастырудың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттардың жинағы, БҚО білім басқармасының әдістемелік хаттары мен кепілдемелері және ішкі бұйрықтары. Апталық сағат саны тиісті деңгейден аспайды, оқу жоспары педагог кадрлармен қамтылуына қарай сәйкестендіріп жасалды. 2020-2021 оқу жылына арналған әдістемелік кеңесінің жылдық жұмыс жоспарына сай жұмыстары атқарылып, әдістемелік кеңестермен, шаралар өткізіледі.

2020-2021 оқу жылының басында үйірмедегі оқушылар саны 877 болды. Былтырғы о.ж. қарағанда (2019- 2020) оқушы саны 39-ға, яғни 4,4%  артып, ұлы- 87,6% ; қызы- 12,4% құрады. Бұның өзі балалардың қосымша білім беру үйірмелеріне деген қызығушылығын көрсетеді. Әрине бұл орталық педагогтерінің жемісті еңбегінің арқасында жеткен жетістік деп білеміз.

 

Оқу жылы

Барлық оқушы саны

ұлы

қызы

2020- 2021

877

768

87,6%

109

12,4%

 

Санақ параметрлері

2018-2019 оқу жылы

2019-2020 оқу жылы

2020-2021 оқу жылы

Үйірмеге қатысушылар саны

697

838

877

 

Мектеп жанынан жұмыстанатын үйірмелердің жетекшілері оқу жылының басында орталық әкімшілігі мен мектеп әкімшілігі арасында екі жақ қызметтестік келісім шарт жасалғаннан кейін үйірмелер ашу туралы өтініштер қабылдайды. Үйірме жұмысының күнтізбелік- тақырыптық жоспарларын орталықтың әкімшілігі бекітеді. Орталықтан тыс жұмыстанатын қала және аудандардағы үйірмелермен тығыз байланыста болып, үйірмелерге әдістемелік, практикалық көмек көрсетілді.

Педагогикалық құрамы.

Орталықта қосымша білім беру педагогтарының саны – 22. Сегіз ҚББП қоса атқарумен жұмыс жасайды. Жоғары санатты- 4(18,2%), бірінші санатты – 5 (22,7%), екінші санатты 11(50,0%) педагог бар, 2 (9%) педагогтың квалификациялық категориясы жоқ. Педагог- зеттеуші 1 (4,5%), педагог- сарапшы 3 (13,6%), педагог- модератор 3(13,6%). Соңғы жылдармен салыстырғанда:

 

2017-18 оқу жылы

2018-2019 оқу жылы

2019-2020 оқу жылы

2020-2021 оқу жылы

Барлығы

19

20

22

22

-         жоғары

1

-

2

4

-         бірінші

5

3

7

5

-         екінші

4

3

6

11

-         санатсыз

9

14

7

2

-         педагог- зерттеуші

 

 

 

1

-         педагог- сарапшы

 

 

 

3

-         педагог- модератор

 

 

 

3

  

Орталықта 22 қосымша білім беру педагогі жұмыс жасайды, оның ішінде жоғары білімді - 19, арнаулы орта білімді - 3.

 

Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесін бекіту туралы

 

Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының

ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС ҚҰРАМЫ. 2020- 2021 оқу жылы.  

 

 

Әдістемелік кеңес отырысының жоспары, 2020-2021 оқу жылы

1

1. Әдістемелік кеңестің 2020-2021 оқу жылындағы мақсаттары мен міндеттері.

2. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларға қойылатын бірыңғай талаптар. Білім беру бағдарламаларын, тақырыптық- күнтізбе жоспарларын талқылау, түзетулер енгізу.

3. Ағымдағы мәселелер.

тамыз

Әдіскер

Хаттама

2

1. Техникалық шығармашылық пен өнертапқыштардың жарысына дайындық жұмыстарын жетілдіру. Тәжірибе тарату жұмыстарының экспертизасын бекіту.

2. Ағымдағы мәселелер.

Қазан

Әдіскер

Хаттама

3

1. Үлгілеуді жаңа технологиялар арқылы жетілдіру.

2. Аттестаттаудан өтетін педагогтермен жұмыс.

3. Ағымдағы мәселелер.

Желтоқсан

Әдіскер

Хаттама

4

1. Қашықтықтан оқытуды білім беру технологиялары арқылы ұйымдастыру жолдары.

2. Кәсіби бағдар беру мақсатында, сыртқы серіктестікті күшейту.

3. Ағымдағы мәселелер.

Ақпан

Әдіскер

Хаттама

5

1. Педагогтердің оқу жылындағы жұмысын қорытындылау. Қорытындылар, ұсыныстар

2. Оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың қорытынды лары

3. Ағымдағы мәселелер.

Мамыр

Әдіскер

Хаттама

 Әдістемелік кеңес 2019-2020

Хабарландыру

ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Тәуелсіздік хронологиясы» ұлттық зияткерлік ойыны өткізіледі.

15-11-2021

Білім басқармасының 2021 жылғы 11 қарашадағы № 823 бұйрығына сәйкес оқушылардың танымдық қызығушылықтары...

Толығырақ...

ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Тәуелсіздік символы» үш өлшемді кәде сыйлар жасау бойынша облыстық қашықтық байқауы өткізіледі.

15-11-2021

Білім басқармасының 2021 жылғы 11 қарашадағы № 822 бұйрығына сәйкес оқушылардың танымдық қызығушылықтары...

Толығырақ...

ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Авиа үлгілеу» спорты бойынша облыстық жарысы өткізіледі.

15-11-2021

Білім басқармасының 2021 жылғы 11 қарашадағы № 821 бұйрығына сәйкес оқушылардың танымдық қызығушылықтарын...

Толығырақ...

Облыстық «NatRoboCom-2021 (National Robotics Competition)» роботтық техника жарысы өткізіледі.

15-11-2021

Білім басқармасының 2021 жылғы 11 қарашадағы № 820 бұйрығына сәйкес оқушылардың танымдық қызығушылықтарын...

Толығырақ...

«Техникалық шығармашылық пен өнертапқыштықтардың (картинг, авиа үлгілеу, кеме үлгілеу, авто үлгілеу) облыстық жарысы

07-10-2021

Білім басқармасының 2021  жылғы 1-ші қазандағы №693 бұйрығына сәйкес оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту...

Толығырақ...
Барлық хабарландырулар

 

 

Torus.Kz | Тел: +7 (7112) 33-04-33, +7 (708) 433 04 33 | toruskz@mail.ru, infotorus@mail.ru
Instagram: Torus.kz