Қашықтан оқыту

Қашықтан оқыту – ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы оқушы сабақ өтетін орында болмай-ақ өткізілетін оқыту түрі.

Мұнда оқу процесі нақты уақыт мезетінде байланысқа түсу арқылы немесе байланысқа шықпай да жүзеге асады. Әр үйірме өз ерекшелігіне қарай екі тәсілдің бірін таңдауына болады.

Техникалық шығармашылығы негізінен практикалық жұмыстарды көбірек қамтиды. Бізге оқушылар өз шеберліктерін шыңдау, құралдарды өмірде қолдануды үйрену, өмірлік қажетті дағдыларды меңгеру мақсатында келеді. Осы бағытта алғанда қашықтан оқыту біздің орталық үшін өте тиімді деп айта алмаймыз. Дегенмен орталық қашықтан оқытуға түгелдей емес, уақытша көшетіндігін ескерсек, бұл қиындықты да өзімізге ыңайлы тәсілмен еңсере аламыз.

Ол үшін әр үйірмеге, тіпті әр сабаққа жеке көзқарас негізінде, жеке әдістемелік тұрғыдан қарау арқылы әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануымыз қажет.

Осы орайда орталықта қашықтан оқыту жүйесін жетілдіру бағытында жұмыстар жолға қойылуда.

Оқытудың бұл тәсілі ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін кеңінен қолданатындықтан, алдымен педагогтердің сандық сауаттылықтарын арттыру қажет. Біздің орталықта бұл жұмыс жүйеге салынған деп айтуға болады. Орталықтың соңғы екі жылдағы жұмыс жоспарына сай орталықішілік әдістемелік семинарларда педагогтердің сандық сауаттылықтарын арттыру – күн тәртібіндегі негізгі мәселе ретінде қойылды.

Нәтижесінде, қосымша білім беру педагогтері ағымдағы жылдың наурыз айында елімізде төтенше жағдай жарияланған кезде қашықтан жұмыс жүргізуге дайын болды.

Қашықтан оқыту үшін қажетті сандық контенттер жинақтау жұмысы да орталық педагогтерінің шыбер-сыныптарының видеороликтерін түсіру арқылы жүргізілді. Бұл жұмыстар 2019-2020 оқу жылының басында қолға алынған болатын.

Карантин режимі жеңілдетілген жазғы уақытта қашықтан оқытуға дайындық жұмыстарын жүргізудеміз. Нәтижесінде алдағы уақытта қосымша білім беру ұйымдары қашықтан оқытуға көшетін болса, біздер толық дайын болып, кедергісіз жұмысты жүргізетін боламыз.

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕ САҚТАЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Хабарландыру

ОБТШО төмендегі үйірмелер бойынша жаңа оқу жылына оқушылар қабылдайды

22-07-2021

Толығырақ...

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!

20-05-2021

Көктем мезгілінің келуімен балалар уақытының басым көпшілігін сыртта өткізуде. Алда жазғы демалыс, сондықтан балаларыңыздың...

Толығырақ...

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық «Тәуелсіздік тірегім» балалар бейнероликтері байқауы

29-04-2021

Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің...

Толығырақ...

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық «Тәуелсіздік белесі» онлайн сурет байқауы

29-04-2021

Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің...

Толығырақ...

«Ақ Жайығым – айдай ару мекенім!» қоғамдық кеңістігінің, демалыс саябағының 3D макетін жасақтау бойынша облыстық қашықтық байқауы

29-04-2021

Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен әлеуметтік белсенділіктерін жетілдіру, өлкенің...

Толығырақ...
Барлық хабарландырулар

 

 

Torus.Kz | Тел: +7 (7112) 33-04-33, +7 (708) 433 04 33 | toruskz@mail.ru, infotorus@mail.ru
Instagram: Torus.kz